Қостанайдағы жарылыс: бір адам қаза болғаны туралы ақпарат қате берілген

Қостанайда бір қабатты ғимарат жарылып, адамдар үйінді астында қалды. Бірақ ешкім қаза болған жоқ. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бір адам қаза болғаны туралы ақпарат қате берілген.

Бұған дейін ер адамның денесі табылды деген ақпарат қате берілді, құтқарылған ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. Оқиға орнынан барлығы 11 адам ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада. 

Құтқарушылардың айтуынша, қатты аяз бен конструкция қирандылары көп болғандықтан іздеу жұмыстары қиынға соғып тұр. Оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары туралы ақпарат уақытылы беріліп тұрады.

Еске салайық, бүгін Қостанайда жүк автомобильдерін жөндеуге арналған бір қабатты ғимарат жарылып, адамдар үйінді астында қалды.