Бес облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Еліміздің бес облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың 21 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.

Ақмола облысында — алты учаске:

1.«Астана-Петропавловск» автожолында 18-234 км, Астана қ. — Щучинск қ. дейін.

2.«Көкшетау-Атбасар» автожолында 47-184 км, Зеренді ауылынан — Атбасар қаласына дейін.

3. «Екатеринбург — Алматы» автожолында 917-1230 км, Жақсы ауылынан — Қажымұқан ауылына дейін.

4.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 232-260 км, Қостанай облысының шекарасынан — Сұрған ауылына дейін.

5.«Жезқазған-Петропавловск» автожолында 377-552 км, Қостанай облысының шекарасынан -Сұрған ауылына дейін.

6.«Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолында 0-82 км, Жақсы ауылынан — Бұзылық ауылына дейін. (көктайғақ, тұман, шектеулі көрініс).

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Ақтөбе облысында — төрт учаске:

1.«Самара-Шымкент» автожолында 526-610 км. Батыс Қазақстан облысының шекарасынан-Қобда ауылына дейін. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

2.«Самара-Шымкент» автожолында 776-844 км, Ақтөбе қ.-Хромтау қ. дейін.

3.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолында 0-234 км, Қарабұтак ауылынан-Қостанай облысының шекарасына дейін.

Шектеу жүк көліктері мен қоғамдық көліктерге енгізілді.

4.«Самара-Шымкент» автожолында 844-1153 км, Хромтау қ. — Ырғыз ауылына дейін.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Жетісу облысында— бір учаске:

1.«Үшарал-Достық» автожолында 84-184 км, Көктұма станциясынан-Достық станциясына дейін.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Батыс Қазақстан облысында — бір учаске:

1.«Самара-Шымкент» автожолында 393-526 км, Жымпиты ауылынан-Ақтөбе облысының шекарасына дейін. Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Қостанай облысында — тоғыз учаске:

1.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 218-232 км, Октябрьское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін.

2. «Жезқазған-Петропавловск» автожолында 339-377 км, Арқалық қ.-Ақмола облысының шекарасына дейін.

Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (Ақмола облысында ауа-райының нашарлауына байланысты).

3.«Қарабұтак-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Костанай» автожолында 234-386 км, Ақтөбе облысының шекарасынан-Денисовка ауылына дейін.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. (Ақтөбе облысында ауарайының нашарлауына байланысты).

4.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 108-218 км, Әулиекөл ауылынан -Октябрский ауылына дейін.

5.«Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолында 7-108 км, Тобыл қ-Әулиекөл ауылына дейін.

6.«Екатеринбург-Алматы» автожолында 556-686 км, Тобыл қ.-Сарыкөл ауылына дейін.

7.«Екатеринбург-Алматы» автожолында 418-539 км, Қарабалық ауылынан Костанай қаласына дейін.

8.«Мамлютка-Қостанай» автожолында 250-404 км, Тобыл қ.-Ұзынкөл ауылына дейін.

9.«Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» автожолында 386-503 км, Рудный қ.-Денисовка ауылына дейін.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. (Нөлден төмен температурада жаңбыр, көктайғақ, екпінді жел).