Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам қамауға алынды. Бұл туралы Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.
Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 24 желтоқсанда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, күдікті А.-ны екі ай мерзімге қамауға алу санкцияланды.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам қаза болғаны хабарланған еді.
Алматы полиция департаментінің мәліметінше, 22 желтоқсанда сағат 18.15-те №47 бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, жанжал салдарынан жүргізуші есінен танып қалған. Салдарнан автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысқан.
Автобус жүргізушісін ұрған ер адамға қатысты екі қылмыстық бап бойынша іс тіркелді.