Допиң дауы: Зульфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілді

2012 жылғы Лондон олимпиадасының чемпионы, 2021 жылғы Токиода олимпиадасының қола жүлдегері Зульфия Чиншанло спорттан 8 жылға дисквалификацияланды. Себебі ол карьерасында екінші рет осындай дауға қалып отыр.

Бұл туралы Sportarena.kz хабарлады.

Спортшының жарыстан тыс кезеңде алынған міндетті допиң-бақылау сынамасынан тыйым салынған препарат іздері табылған. Бұл анаболикалық стероид — «Метандиенон».

Алғашқы допиң Халықаралық олимпиада комитеті WADA көмегімен Чиншанлоның 2012 жылғы Лондон олимпиадасындағы анализдерін тексерген кезінде анықталған. Салдарынан ол олимпиада алтынынан айырылды.