20 желтоқсанда Алматыда бас шырша жағылды. Baribar.kz тілшілері қала тұрғындарына ерекше атмосфера сыйлаған іс-шараға барып, шыршаның жарқыраған сәтін түсіріп қайтты.

Бас шырша Абай алаңына қойылды. Оның жағылған сәтін тамашалауға көп адам келгені байқалады. Алаң халыққа толды. Онда үлкені де, кішісі де, студенттер де, оқушылар да жүр. Алматы халқының қуанышына орай, күн де қатты ызғар емес.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Іс-шара басталғанға дейін жиылғандармен тілдестік. Бүгін Медеу ауданының тұрғыны Гүлнұр төрт жасар ұлын ертіп келіпті. Есімі — Айәділ. Ол баласына мерекелік көңіл-күй сыйлағысы келгенін айтады.

Жаңа жыл — баламның ең жақсы көретін мерекесі. Сол себепті жылда қалмай, шыршаның жағылғанын көріп кетуге тырысамыз. Өзіміз де балаша қуанып қаламыз, — дейді Гүлнұр.

Гүлнұр биыл елдің әлеуметтік жағдайында біраз оң өзгеріс болды есептейді. Бұл жылға өкпесі жоқ екенін, келер жылдан көп үміт күтетінін айтады.

2024 жылы қызым 11-класты бітіреді. Олардың буыны мектебінің 180-түлегі болмақ. Бұйырса, қызым жаңа өмірге қадам басады. Оған дейін алдында ҰБТ тұр. Сол себепті алдағы жыл біз үшін маңызды, — дейді ол.

Гүлнұр мен Айәділ. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алаңнан Өрмекші адамның бетпердесін киген жігітті көрдік. Есімі Әлен екен. Досы Эмирмен бірге келіпті. Екеуі — 11-класс оқушылары. Олар биыл мектептегі соңғы әрі қиын оқу жылымыз, емтиханнан сәл бас көтеріп, сергіп, демалып қайтуға келдік дейді.

Эмир мен Әлен. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Эмир мен Әлен үшін биыл қиын жыл болса да, біраз жетістікке жеткенін айтады. Мәселен, Эмир облыстық пән олимпиадасында жеңіске жетіпті. Оған қоса Балдәурен лагеріне барған екен. Ал Әлен Құрманғазы атындағы оркестермен бірге концертте өнер көрсетіпті. Жігіттер келер жыл бұдан да жақсы жаңалыққа толы болады деп үміттенеді.

Барлық қазақ елін келе жатқан Жаңа жылымен құттықтаймыз, — дейді олар.

Іс-шара Жаңа жыл мерекесіне арналған әнмен басталды. Кейін Аяз ата мен Ақшақар шығып, Алматы халқымен амандасып, олармен бірге мерекенің символына айналған шыршаны жақты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Жаңа жыл келді құлпыра,

Біздің шырша жарқыра.

Бір, екі, үш!»

Алаңның қақ ортасында үп-үлкен болып тұрған шырша бір сәтте жарқырай кетті.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Мерекелік кешке орай, Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, «Жігіттер» квартеті, «Ринго» тобы, «КешYOU» тобы және тағы басқа әншілер өнер көрсетті. Алматы тұрғындары олардың әніне билеп, бір жылынып алды.

Роза Рымбаева. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Мәди Рымбаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«КешYou» тобы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Жігіттер» квартеті. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
«Ринго» тобы. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Концертте бір топ адамның мәз-мейрам болып суретке түсіп жатқанын көрдік. Сөйтсек, жұмыстан соң шыршаның жанған сәтін көруге келген ұжым екен.

Біз — Медеу ауданы әкімдігінің қызметкерлеріміз. Ұжым болып 2023 жылды шығарып салып, Жаңа жылдың шыршасын жағуға келдік. Биыл әріптестеріміз еңбектеніп, біраз табысқа жетті. Жас қыз-жігіттер көп тәжірибе жинады. Отбасылы, бала-шағалы болғандары бар. Сол себепті осылай бір үйдің адамындай болып келіп, жылды әдемі қорытындылауды жөн көрдік, — дейді олар.

Медеу ауданы әкімдігінің қызметкерлері. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алаң шыршадан бөлек, түрлі әдемі декорациямен безендірілген. Аққала бар, шырша бар, жұлдыздар жанып тұр. Бір сөзбен айтқанда, көздің жауын алады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Алматылық тұрғындар бір-бірін суретке түсіріп жатты. Енді біреулері жақындарына хабарласып, бас шыршаны көрсетіп жүр.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Оған қоса түрлі костюм киген аниматорлар да жүр. Олар жиылғандармен суретке түсіп, билеп, көңілін көтеріп әлек.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz