Шавкат Рахмонов UFC рейтиңінде Топ-үштікке енді

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ санатында рейтиңін жақсартты. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Дивизионның жаңартылған тізімінде «Номад» лақап атымен танымал қазақстандық спортшы үшінші орында тұр. Оның алдында Белал Мұхаммад (2-орын), Камару Усман (1-орын) және чемпион Леон Эдвардс орналасқан. Колби Ковингтон бесінші орынға сырғыды.

Еске салайық, UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды екінші раунд соңында қылқындыру әдісімен жеңді. Бұл — Шавкаттың промоушн айқастарындағы алтыншы жеңісі. Бәрін уақытынан бұрын жеңіп келе жатыр. Сөйтіп, ол UFC тарихына енді.

Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде Шавкат Рахмонов америкалық спортшы Стивен Томпсонды жеңгені үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды.