Астанада күн сайын 30-дан астам бала қызылша жұқтырып жатыр

Астананың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова елордадағы эпидемия ахуалы туралы айтты.

Елордада күн сайын қызылшаның 35-ке жуық жағдайы тіркеледі. 2023 жылғы наурыз айынан бастап қызылшаның 2 537 бастапқы жағдайы тіркелді. Оның ішінде 806 жағдай расталған диагноз және оның 71%-і (570 жағдай) 14 жасқа дейінгі балалар арасында тарап отыр. Науқастардың 9%-і (75 жағдай) – жасөспірімдер, 20%-і (161 жағдай) – ересектер. Науқастар арасында вакцина алмаған балалардың үлесі 70% (556) және 24%-і – егу мәртебесі белгісіз ересектер. Екпе алып, кейін ауырып қалған балалардың үлесі 6% ғана. Өкінішке қарай, қызылша жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болған адамдардың вакцинадан бас тартқан жағдайлары бар. Қызылшамен ауырғандардың ішінде 48%-і немесе 267 бала вакцинацияға сенбегендіктен, 27%-і (151) — медициналық қарсы көрсетілімге байланысты, 17%-і (98) – екпе жасына жетпеуіне байланысты және 7%-і ата-аналарының немқұрайлылығы себебінен вакцина алмаған, — деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифиңде.

Сонымен қатар ол қызылшаға қарсы вакцина медицинада кейінгі 60 жыл бойы қолданылып келе жатқанын еске салды.

Сол себепті ата-аналарды балаларына дер кезінде қызылшаға қарсы екпе салдыртуға шақырамын. 6-10 айлық және екі-бес жас аралығындағы балаларға қосымша иммунизация алу қажет, — деді Сархат Бейсенова.