Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458–461 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,9–461,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 45—461 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 12 желтоқсандағы ресми бағамы: 1 долларға — 458,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,04 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,99—5,17 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5—5,05 теңгеден сатылып жатыр.
