Алматыда заңсыз салынған тұрғын үй кешені бұзылады

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, Алматы әкімдігі мен қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тау бөктерінде заң талаптары мен құрылыс нормаларына сай келмейтін 52 нысанды анықтады.

Солардың бірі – Витебская көшесі, 44/3,44 А мекенжайда орналасқан KHAN тұрғын үй кешені.

Бұл нысанды «Tennis.kz» ЖШС салған, эскиздік жоба келісілмеген, авторлық және техникалық қадағалау, сараптама қорытындысы жоқ, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабар бермеген. Тапсырыс берушіге қатысты басқарма ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі, 321, 462-бөлігі бойынша шаралар қабылдады, сонымен қатар биылғы 28 сәуірде Алматы қалалық мандандырылған ауданаралық экономикалық соты тұрғын үй кешенін сүру жөнінде талап арыз берді, — делінген хабарламада.

Сот талқылаулары аяқталғаннан кейін 24 қазанда Алматы қалалық сотының қаулысымен нысанды бұзу туралы бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды.
Заңсыз салынған нысанды бұзу әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен жүргізіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да