Астанада 16 мыңнан астам адам қызылшаға қарсы екпе алды

6 қарашадан бері Астанада қызылшаға қарсы жаппай иммундау жүріп жатыр. Бұл туралы Астананың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

Жаппай иммундаумен алты айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балалар және екі жастан төрт жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар және медицина қызметкерлері қамтылады.

Вакцинаны тіркелген жері бойынша емханаларда тегін алуға болады. Бүгінгі күнге дейін 16 447 вакцина егілді. Жаппай вакциналау қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Біздің бүгінгі басты міндетіміз – қызылшадан болатын өлім мен асқынулардың алдын алу, — деді Сархат Бейсенова Астана коммуникациялар орталығында өткен брифиңде.

Вакциналау инфекция ошақтарында да жүргізіледі, осылайша науқастармен байланыста болған 1 733 адам вакцина алды.

Сонымен қатар қызылшаға қарсы егілмеген 18 жасқа дейінгі адамдар анықталды, жыл басынан бері 14 374 адам анықталса, оның 88% – 12 746 адам вакцина қабылдады.

Аурудың алғашқы белгілері байқалса, дереу дәрігерге жүгінуге кеңес беремін. Қызылшаның белгілері: температураның 38-40°C дейін жоғарылауы, бас ауруы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, конъюнктивит, ринит, жарыққа қарай алмау, құрғақ, үсті жөтел, дауыстың қарлығуы, қызылша энантемасы, денедегі бөртпелер, — деді Сархат Бейсенова.