2024 жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылады

Елімізде келер жылы «Келешек» бағдарламасы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Бүгінде «Келешек» бағдарламасына заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр. Білім туралы, жинақтаушы жүйе және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Банктер әлі анықталған жоқ, олар бағдарламаның серіктесі болады. Жоғары қаржылық тұрақтылыққа ие банктер болатыны түсінікті. Сонымен қатар қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен ұлттық банктің өз талаптары болады, — деді Саясат Нұрбек үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр алты-жеті банк аталған бағдарлама серіктесі болады деп болжап отыр.