Алматы облысының үш судьясы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Қазіргі уақытта Алматы облысы Қонаев қаласы сотының төрағасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол қылмыс туралы кісі өлтіруден хабарламауға дейінгі әрекеттерді қайта саралау туралы мәселені шешу сылтауымен ірі мөлшерде алаяқтық жолмен ақша алды деп күдікке ілінген.
Сонымен қатар Алматы облысы Талғар аудандық сотының судьясы айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Ол сот орындаушысы арқылы кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасаған адамға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін өзгерту туралы оң шешім шығарғаны үшін ақшалай сыйақы алған, — делінген хабарламада.
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясына да қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
Антикордың мәліметінше, ол кәсіпкерден миллиардтаған салық берешегі бар екі компанияны банкрот деп тану туралы заңсыз шешімдер шығарғаны үшін пара алды деп айыпталып жатыр.