Қарағандыда 3 мыңнан астам кенші арнайы төлем алады

Қарағандыда ірі кәсіпорында жұмыс істейін 3 мыңнан астам кенші келер жылдан бастап арнайы төлем алатындардың тізіміне енді. 

Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Ал ел бойынша 685 мың жұмысшы зиянды өндірісте жұмыс істейді. Төлемнің көлемі орта есеппен 208 мың теңге болады. Оны алу үшін жұмысшының жасы 55-тен асуға тиіс. Әрі кемінде жеті жыл зейнетақы жинағы болғаны да шарт.

Қазір заң жобасын мәжіліс мақұлдап, сенат қарауына жіберді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елде 2 мыңнан астам мамандық түрінің зиянды еңбекке жататынын атап өтті.

Бұл төлемдер зейнет жасына дейін төленеді. Одан кейін бұл төлемдер тоқтатылады, 63-ке жеткенде ол азаматтарға базалық зейнетақы, ынтымақтастық зейнетақы төленеді. Қазір қолданыстағы методология бойынша төлемдердің мөлшері ең төмен күн көріс деңгейінің 70%-інен төмен болмауы керек, — деді министр.