Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов астық экспортына қатысты түсінік берді.
Бүгін сенат комитетінің кеңейтілген отырысынан кейін тілшілер вице-министрден биыл жиналған астықтың қай бөлігі экспортқа шығарылатынын сұрады.
Биыл 15,5 миллион тонна астық жиналуы мүмкін екенін айтқан едік. Қазір әкімдіктердің мәліметі бойынша 16,5 миллион тонна қамбаға түсті. Сондықтан осы астық көлемін ескере отырып, экспортқа 6 миллион тонна шамасында өнім шығаруға мүмкіндік болады, – деді Азат Сұлтанов.