Алматыдағы Ахмет Жұбанов атындағы көше 1,2 шақырымға ұзартылады. Жұмыс 2024 жылы басталады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев айтты.
Оның айтуынша, 2023 жылы Әуезов ауданының аумағында жалпы ұзындығы 11,4 километр болатын 12 көше мен өтпе жолдар жөнделді.
Бұдан басқа, ұзындығы 4,5 километр Төле би көшесін ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның 2,2 шақырымы Әуезов ауданы бойынша. Жұмыстар 2025 жылғы желтоқсан айында аяқталады. 2024 жылы А. Жұбанов көшесін ұзарту көзделген. Оның аяқтау 2026 жылға жоспарланып отыр, — деді Абзал Егембердиев.