Кей өңірлерде жол жабылды

Солтүстік Қазақстан облысында тағы да боран соғып, барлық бағыттағы жол жабылды.

Әсіресе Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Шал ақын және Жамбыл аудандарында жағдай қиын. Жауған қар бірден еріп, жол көктайғаққа айналды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты полицейлер күшейтілген жұмыс кестесіне көшіп, кезекшілікке шықты. Себебі ейбір жүргізушілер ескертуді елемей, жолға шығып кетуі мүмкін.

Сондай-ақ бірге қарлы боранның салдарынан «Астана-Атбасар» тасжолы да барлық автокөлік түрлері үшін жабылды.

 

Дереккөз24.kz