Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында...

Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті

Ақмола облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 16 қарашада сағат 12.50-де Астана–Қарағанды ​​учаскесінде болған.

Жүк пойызының өтуі кезінде вагондард рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ. Басқа пойыздарға кідіріс болған жоқ. Пойыздар іргелес жол бойымен жүріп жатыр, — делінген хабарламада.

Рельстен шығу салдарын жою үшін Астана және Қарағанды ​​станцияларынан қалпына келтіру пойыздары жөнелтілді.