2027 жылы Қазақстан халқы 21 миллион адамға жетуі мүмкін

2027 жылы Қазақстан халқы 21 миллион адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев айтты.

Біз ұзақ мерзімге арналған болжам жасамаймыз. Қысқа мерзімді болжамды алар болсақ, 2027 жылы халық саны 21 миллионға жетуі мүмкін. 2050 жылға қарай халық саны қаншаға жететіндігін есептеп көреміз, — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады.