Байқау 3 кезеңге бөлінеді: бірінші кезең – аудандық (қалалық); екінші кезең – облыстық; үшінші кезең – республикалық.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) әкімдіктерге 2017 жылғы сәуірдің 1-нен 30-на дейін беріледі.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы Елбасының 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 Өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын өткізіледі.
Байқау қатысушылары толық ақпаратты www.kaztube.kz сайтынан ала алады.