Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстандағы ет бағасына қатысты пікір айтты.
Жақында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ет бағасы төмендеп жатқанын айтқан еді. Министрдің айтқан деректері дұрыс, өйткені бізде жәрмеңкеден келетін өнімдер бар, олардың бағасы төмен. Өнім түрлі аймақта өткізілетін жәрмеңкелерге тікелей жеткізеді. Атап айтқанда, сиыр етінің бағасы 2 500, 3 500 және 4 500 теңгеге дейін, жылқы етінің бағасы да осылай әртүрлі. Супермаркеттер мен базарлардағы өнімдердің бағасы да әртүрлі , — деді Әлібек Қуантыров мәжіліс кулуарында.
Осы орайда тілшілер министрден «Ет бағасы төмендей ме?» деп сұрады.
Жалпы, төмендеуі мүмкін. Мал басы көбейсе, ұсыныс артып, ет арзандайды. Бірақ инфляция мен жем-шөп бағасының көтерілуіне байланысты мәселелер бар екенін ескеру керек, – деді Әлібек Қуантыров.