Темекіні түтінсіз өнімге алмастырған қазақстандықтардың 47%-інің денсаулығы жақсарған

Темекінің орнына никотині бар түтінсіз өнімдерді қолдана бастаған қазақстандықтардың денсаулығы мен әл-ауқаты жақсарған. Мұны «Стратегия» қоғамдық қорының зерттеу нәтижесі көрсетті.  Дегенмен бұл деректі темекіге қарсы ұйымдар мен Денсаулық сақтау министрлігі елемей отыр. Денсаулық сақтау министрлігі не себепті Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Швеция, Жапония сияқты дамыған елдердегідей темекі шегетіндерге зияны аз баламаларға ауысуына жағдай жасауға құлқылы емес?

Қор 2023 жылғы шілде-тамыз айларында 17 облыс орталығында және республикалық маңызы бар үш қалада әлеуметтік зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 1 293 респондент қатысты. Оның барлығы —  бұрын шылым шеккен, бірақ қазір оның орнына темекіні қыздыру жүйесі немесе вейп сияқты түтінсіз өнімдерді тұтына бастаған адамдар.

Зерттеу авторы, «Стратегия» қоғамдық қорының жобаларының үйлестірушісі Азат Мұхамедиев айтуынша, Қазақстандағы респонденттің 47%-і темекіден зияны аздау түтінсіз өнімдерге ауысқаннан кейін өз денсаулығының айтарлықтай жақсарғанын мәлімдеді. Сауалнамаға қатысқанның 78,6%-і денесіне сіңіп қалған темекінің жағымсыз иісі кеткенін айтқан. Оған қоса олар жалпы жай-күйінің жақсарғанын және жұрттың олардың таңдауын құптай бастағанын айтқан.

Түтінсіз темекіге ауысқан барлық жас санатындағылар (21 жастан 60 жасқа дейін) бұрынғыға қарағанда аз жөтелетінін, ентігетінін айтты. Біз сөйлескен дәрігерлердің айтуынша, бұл — өте маңызды фактор. Темекі шеккеннен неге жөтел пайда болады? Себебі темекі түтініндегі зиян заттар ұзақ уақыт бойы тыныс алу жолдарына әсер етеді. Салдарынан өкпе тіндері зақымдалады, қабыну пайда болады және тыныс алу жолдары тарылад, — дейді әлеуметтанушы.

Азамат Мұхамедиевтің айтуынша, сауалнамаға қатысқандардың үштен екісі мемлекеттің темекі өнімдерін реттеуі, қадағалауы шылымқорлардыі түтінсіз, зияны аз никотин өнімдеріне ауысып-ауыспауына ықпал ете алмайды деп санайды. Респонденттің 65%-і тыйым салуға негізделген тәсілдің еш пайдасы жоқ екенін және ескіргенін айтты. 64%-і «түтінсіз өнімдерді темекімен қатар реттеу негізгі мақсатына жетпейді, темекі тұтынатындардың санын азайтпайды» деп ойлайды. Респонденттің басым бөлігі (61%) осы саладағы Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысын сынаған.

Сауалнамаға қатысқандар Денсаулық сақтау министрлігі мен темекіге қарсы белсенділердің шылымқорларды зияны аз түтінсіз өнімдерге көшуге ынталандырудың орнына вейптерге тыйым салуды қолқалауы темекі өндіретіндердің мүддесі үшін күрес сияқты көрінеді. Еске салайық, бұған дейін вейптерге тыйым салуды депутат Нұргүл Тау мен қоғам қайраткерлері – «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының жетекшісі Жамиля Садықова, Қазақстан халқы ассамблеясы, Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай жақтаған болатын. Олар бұған дейін елде кальяндарға тыйым салуға бастамашы болған, бірақ бұл тыйым көзделген нәтижеге жеткен жоқ. Кальян шегуге тыйым ЕАЭО шеңберінде өркениетті регламенттеудің орнына әртүрлі сыбайлас жемқорлық схемаларын қалыптастыратын орасан зор көлеңкелі нарықты тудырғанын «Стратегия» қоғамдық қорының зерттеуі көрсетті.

Респонденттер биліктен толықтай тыйым салуды емес, электрон темекілермен қатар басқа да түтінсіз құрылғыларға сертификат енгізуді қалайтындарын айтты. Олар түтінсіз өнімдердің қаптамаларында «бұл өнімде темекі түтінімен салыстырғанда зиян химиялық заттар аз» деген нақты ескертуді көргісі келеді.

«Стратегия» қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуованың айтуынша, әлеуметтанушылар темекі шегуге қарсы күресте мемлекет қолданатын шаралар көзделген нәтижелерге әкелмейді деген қорытындыға келді. Сондықтан реттеудің заңнамалық шараларын әзірлеуде озық әлемдік тәжірибелерді, Қазақстанда никотині бар өнімдерді тұтынудың қалыптасқан мәдениетін мұқият талдап, ескергені жөн.

«Стратегия» қоғамдық қоры 10 жыл бұрын темекі шегетіндер арасында да зерттеу жүргізген, сол кезде біз темекі шегетін ересектердің нақты үлесі 30% екенін анықтадық. Бұл жолы да дәл осындай көрсеткіш  тіркелді – Қазақстанның ересек тұрғындарының 30%-і темекі шегеді. Енді осы тұста ақылға қонымды сұрақ туындайды: мемлекет темекі шегетіндердің санын азайтуды көздей отыра, өткен жылдардағы деректерді есепке ала ма? Қазіргі стратегияның авторлары қай деңгейді жақсартуды көздейді – он жыл бұрынғы 30%-ті ме, әлде қазіргі 30%-ті ме? Реттеушілер бұл шаралар неліктен істемейді деп неге ойланбайды? Ең бастысы, нәтижесінде біз неге жеткіміз келеді? Біз халықтың денсаулық жағдайының көрсеткіштерін жақсартқымыз келсе, онда тиімсіз шаралардың мәні неде? 10 жыл ішінде темекі шегетіндердің үлесі бір процентке де төмендемесе, онда темекі шегетін халықтың үлесін 10%-ке, тіпті 5%-ке дейін төмендете алған Швеция сияқты басқа елдердің тәжірибесіне жүгінетін кез келген жоқ па? Бұл — жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, өзімізге бірнеше рет қойған, бірақ жауабын таба алмаған сұрақтар, – деп түйіндеді Гүлмира Илеуова.