Газада бірнеше бала үйінді астынан аман шығарылды

Газада азаматтық қорғаныс бөлімшелері мен жергілікті тұрғындар қираған ғимараттың үйіндіcінде іздеу-құтқару жұмысын жүргізді.

 Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.

Израиль әскері Газа секторындағы Хан-Юнис қаласындағы Астал отбасының үйіне жасаған соққыдан қаза болғандар мен жараланғандар бар.

Азаматтық қорғаныс жасақтары мен жергілікті тұрғындар қираған ғимараттың үйіндіcінде іздеу жұмысын жүргізп, ұзақ күш салғаннан кейін астынан аман қалған адамдарды алып шықты. Шабуыл салдарынан Газаның солтүстігінен қашқан 12 Палестина азаматы қаза болды, — делінген хабарламада.