«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

Ержан Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — делінген президент қол қойған жарлықта.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болған Шайх-Хасан Саттарқұлұлы Жазықбаев қызметінен босатылды.