Басты бетЖаңалықтарCәуір айында...

Cәуір айында баспана бағасы төмендейді

Homesters.kz сарапшыларының пікірінше, сәуір айында да қайталама нарықтағы үй бағасы арзандай түспек.

Жалпы, наурыз айында республика бойынша үй бағасы орта есеппен 1 пайызға төмендеді, ал қалалар бойынша, Алматыда 1,3 пайыз, Астанада 0,2 пайыз, Шымкентте 0,7 пайыз, Қарағандыда 1,7 пайыз арзандаушылық байқалған.

Ақпан айында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 2-2,5 пайыз нығайған кезде бұл үй бағасына әсер етіп, баспана құны айтарлықтай төмендеген. Ал наурыз айында теңге бағамында оншалықты өзгеріс болмағанына қарамастан, үй бағасы 2015 жылдан бері жалғасып келе жатқан арзандау үрдісін сақтады.

Әр қаладағы арзандау көрсеткішінің әртүрлі болуы, сарапшылардың пікірінше, сол аймақтағы сұранысқа байланысты. Мәселен, Астанадағы сұраныстың жоғарылығынан баға бар болғаны 0,2 пайызға ғана арзандаған.

Ал жаңа үйлердің бағасының өзгермеуі, оған сұраныстың жоғары сақталуымен қатар, құрылыс компанияларының бағаны қолдан ұстап тұруы. Компаниялар нарықтағы кішігірім өзгерістерге мән бермей, бастапқы бағасынан түспей тұр.

Сарапшылардың пікірінше, сәуір айында жаңа үйлердегі баға баяғыша тұрақты сақталып, қайталама нарықтағы баспана құны 0,6-0,8 пайызға төмендейді. Ал жыл соңына дейін баға 7-10 пайыз арзандауы тиіс.

ДереккөзNaryk.kz