Басты бетЖаңалықтарАстанада Түркі...

Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті басталды

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті басталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан президенттері ұйымға мүше мемлекет басшылары ретінде, Мажарстан премьер-министрі мен Түрікменстан басшысы бақылаушы елдің басшылары ретінде қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен Ердоғанға алғыс айтып, Түркияның құрылғанына 100 жыл толуымен құттықтады.

Әрі қарай Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті ел іргесін бекемдегенімен құттықтап өтті.

Қадірлі Ильхам Әлиев мырзаны және бүкіл Әзербайжан халқын ел бекемдеуімен құттықтаймын. Сіздің еліңіз аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, дамудың жаңа тарихи дәуіріне қадам басты. Осы тарихи қадам Біріккен ұлттар ұйымының жарғысына және қауіпсіздік кеңесінің қарарына сәйкес жүзеге асты, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сарапшылардың айтуынша, осы жолғы саммиттің күн тәртібі тығыз. Экономика, сауда, көлік, кеден жобаларына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауы қажет. Түркі мемлекеттерінің көшбасшылары Газа секторындағы мәселе бойынша мәлімдеме жасауы да мүмкін.