Лионель Месси 2023 жылғы «Алтын доп» иегері атанды

Белгілі футболшы Лионель Месси 2023 жылғы «Алтын доп» иегері болды.

Аталған марапатты франциялық «France Football» журналы 1956 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді.

Салтанатты шара Парижде өтті. Лионель Месси көпшіліктің даусына ие болып, футбол әлеміндегі маңызды жүлдеге лайық деп танылды.  Бұл — Мессидің 8-ші “Алтын добы”.

Аргентина құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» командасының шабуылшысы Лионель Месси бұған дейін «France Football» журналы жариялаған «Алтын доп» наградасына 2009, 2019, 2021 жылдарда ие болған еді. Сонымен қатар 2010, 2011, 2012, 2015 жылдарда «ФИФА Алтын добы» жеңімпазы атанды.

Биыл бұл атақтан Йошко Гвардиол («Манчестер Сити»), Джамал Мусиала («Бавария»), Андре Онана («Манчестер Юнайтед»), Карим Бензема («Аль-Иттихад»), Мохамед Салах («Ливерпуль»), Букайо Сака («Арсенал»), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Джуд Беллингем («Реал Мадрид»), Рандаль Коло-Муани («ПСЖ»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»), Хвича Кварацхелия («Наполи»), Николо Барелла («Интер»), Эмилиано Мартинес («Астон Вилла»), Рубеш Диаш («Манчестер Сити»), Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»), Яссин Буну («Аль-Хилаль»), Мартин Эдегор («Арсенал»), Хулиан Альварес («Манчестер Сити»), Илкай Гюндоган («Барселона»), Винисиус Жуниор («Реал Мадрид»), Родри («Манчестер Сити»), Антуан Гризманн («Атлетико»), Лионель Месси («Интер Майами»), Лаутаро Мартинес («Интер»), Роберт Левандовски («Барселона»), Ким Мин Чжэ («Бавария»), Лука Модрич («Реал»), Виктор Осимхен («Наполи»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Харри Кейн («Бавария») секілді футболшылар үміткер болды.

Үздік ойыншылар тізімі:

  • Джуд Беллингем («Реал Мадрид» және Англия құрамасы) — «Үздік жас футболшы»;
  • «Барселона» (Испания) — «Жылдың үздік әйелдер командасы»;
  • «Манчестер Сити» (Англия) — «Жылдың үздік ерлер командасы»;
  • Эмилиано Марттинес («Астон Вилла» және Аргентина құрамасы) — «Жылдың үздік қақпашысы»;
  • Эрлинг Холанд («Манчестер Сити» және Норвегия құрамасы) — «Жылдың үздік шабуылшысы»;
  • Айтана Бонмати («Барселона» және Испания құрамасы) — әйелдер арасындағы «Алтын доп» иегері атанды.