Лионель Мессиге жетінші рет «Алтын доп» жүлдесі берілді

Бұл беделді марапатты Аргентина құрамасының 34 жастағы шабуылшысы және «Пари Сен-Жермен» ойыншысы Лионель Месси жетінші рет жеңіп алды.

Ал «Барселона» хавбегі Педро үздік жас ойыншы атанды. Жылдың үздік шабуылшысы атағына «Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски лайық деп танылды. Жыл футболшысы «Барселонаны» сапында ойнайтын испаниялық Алексия Путеляс болды. «Жылдың үздік қақпашысына» арналған Лев Яшин сыйлығы ПСЖ-лық Джанлуиджи Доннаруммға бұйырды.

2021 жылы Лионель Месси Аргентина құрамасымен бірге Америка Кубогының жеңімпазы атанды. Ол осы маусымды ПСЖ құрамында өткізеді. Форвард карьерасының үлкен бөлігін «Барселона» құрамында өткізді. Каталониялықтармен бірге ол Чемпиондар Лигасын төрт рет жеңіп, он рет Испания чемпионы атанды. Өткен маусымда ол 50 матч өткізіп, 40 гол соқты.