Шахтадағы апат: 36 кеншінің денесі табылды

Сағат 10.00-дегі ақпарат бойынша, Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан 36 кеншінің мерт болғаны анықталды.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта 36 адамның денесі табылды, 10 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.