Университет оқытушыларының жалақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі пара»қшасында хабарлады.
Ол комитет депутаттары республикалық бюджет жобасына ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты түзету енгізгенін айтып өтті.
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті университет оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша республикалық бюджеттің жобасына арнайы түзетулерді ұсынды. Мемлекет басшысы ЖОО-лардың профессор оқытушылық құрамының жалақысын көтеру бойынша үкіметке бірнеше рет тапсырма беріп еді. Оқытушыларлың жалақысын арттыру үшін, бюджеттен әр грантқа бөлінетін қаражат көлемін көбейту керек, — деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Аталған шешімдер бойынша соңғы нүкте мәжілістің жалпы отырысында қойылады. Бұл қадамдар оқытушылардың жалақысын 40%-ке дейін көтеруге мүмкіндік береді, — деді Асхат Аймағамбетов.