Елімізде магистратура гранттарының тізімі жарияланды

Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылына магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялады.

Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

Тізімде мамандықтардың кодтары, білім беру бағдарламаларының нөмірлері мен атаулары, әр білім беру бағдарламасы бойынша гранттар саны белгіленген. Тізім бойынша, ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасына 3 860, бейінді магистратураға 467 грант бөлінген.

Гранттар тізімін мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, бұған дейін докторанттарды даярлауға арналған грант тізімі жарияланды.