Ауғанстандағы қазақстандық құтқарушылар елге оралуға дайындалып жатыр

Ауғанстанға аттанған Қазақстан төтенше жағдай министрлігінің 45 қызметкері елге оралуға дайындалып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ауғанстанға жіберілген Қазақстан ТЖМ-нің 45 қызметкері тұрақты орналасқан жеріне оралуға дайындалуда, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, 7 қазанда Ауғанстанның батысындағы Герат қаласынан батысқа қарай 40 шақырым жерде магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды.