Ұлттық банк доллар мен рубльдің 12 қазанға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 476,78 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,78 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 475-480 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 477-480,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,71-4,92 аралығында саудаланып жатыр.
