Елімізде букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстанда букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Халықаралық практикада букмекерлік кеңселердің жарнамасы тікелей спорт шаралары өтетін ғимаратта, спорт киім-кешегі мен жабдығында, спорттық телеарналарда және сол кеңселерде көрсетіледі. Біз де осы халықаралық тәжірибеге сүйеніп, осындай ұсыныс енгізіп отырмыз. Депутаттардан да осындай ұсыныс түсті, — деді Тамара Дүйсенова.

Вице-премьер тиісті түзетулер парламент қарауына енгізілетінін атап өтті.

Оның айтуынша, қазір бұл бастама бизнеспен және кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр.