Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді

Жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстан тұрғындарына гуманитарлық жүк тиелген рейс жөнелтілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді, — делінген хабарламада.

Гуманитарлық көмек, ТЖМ, ұшақ
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Министрліктің мәліметінше, жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1 659 тонна көлемінде 13 тауар бар.

Дәрі-дәрмектер мен шатырлар ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.