Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр

Фото: AFP 2023 / STRINGER
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында көліктер кептелісте тұр. Бұл туралы Қырғыз Республикасының ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара қызметі мәлімдеді.  

Ведомствоның мәліметінше, Қырғызстаннан шығатын мемлекеттік шекарада 569 автокөлік тұр.

Олардың 395-і «Ақ Тілек – автожол», 121-і «Кен Булун – автожол» және 53-і «Чалдыбар – автожол» өткізу пунктілерінде тұр.

Қырғыз-қазақ шекарасында жүк көліктерінің жиналып қалуы күз маусымында болатын Қырғызстаннан басқа елдерге ауылшаруашылық өнімдерінің экспортына байланысты. Көлік кезегінің созылуы циклдік сипатқа ие, — делінген ведомство хабарламасында.

Шекара қызметінің мәліметінше, Қырғызстан және Қазақстан тарапынан ешқандай шектеу енгізілген жоқ.

Өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Мақалаға реакция