Басты бетЖаңалықтарАлматыда жаяу...

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған «қауіпсіздік аралдары» салынды

Алматыда биыл жолдарды орташа жөндеу аясында жаяу жүргіншілерге арналған жеті «қауіпсіздік аралдары» салынды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, «қауіпсіздік аралдары» Сейфуллин даңғылында, Жұмабаев көшесінен төмен, Абай даңғылы мен Абылай хан даңғылының қиылысында, сонымен қатар Желтоқсан, Қонаев, Наурызбай батыр және Масаншы көшелерінде пайда болды. Аралдар Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесінің қолдауымен «Vision Zero Almaty» іс-шарасы бойынша мектептер, балалар және мектепке дейінгі мекемелер маңында жабдықталады.

«Қауіпсіздік аралдары» — бұл жаяу жүргіншілер көлік легін күтетін және көлік иелері жылдамдықты төмендетуге тиіс арнайы таңбаланған жолдағы шағын аймақтар. Бұл әлемнің көптеген елінде жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін арттыру және жол апаттары санын азайту үшін орнатылады.

жол, жаяу жүргінші
Фото: Алматы әкімдігі

Сонымен бірге жолаушылардың қауіпсіздігі мен қоғамдық көліктің ыңғайлы тоқтауына, аялдамада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған төрт және одан да көп жолақты жолдарда автобус пандустарын орнату үшін автобус қалталары жойылады. Бұл жұмыстар Сейфуллин даңғылында, Абай даңғылында, Сайын даңғылында жүргізілді. Сонымен қатар мегаполисте жолаушылардың автобустарды жайлы күтуі үшін аялдамалар тиісті жағдайға келтіріледі, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда ұзындығы 3 097 шақырым болатын 2 746 көше бар. Әкімдіктегілер биыл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың үлесін өткен жылғы 86%-тен 89%-ке, ал 2025 жылы 95%-ке дейін көтеруді жоспарлап отырғанын хабарлады. Ол үшін жыл сайын ұзындығы кемінде 200 шақырым болатын жолдарға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген.