Әлихан Смайылов: Бізде көлік жүргізу мәдениеті төмен

Жол қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктің артуына қарамастан жол жүру ережесін бұзатындар табылып жатыр.

Биыл статистикалық деректер бойынша, жол-көлік оқиғалары мен зардап шеккендердің саны біршама төмендеген. Дегенмен, әлі де еліміздің күре жолдарында күніне орта есеппен бес-алты адам қаза болады. Әр цифрдың артында қаншама жанның өмірі мен денсаулығы тұр. Өкінішке қарай, бізде көлік жүргізу мәдениеті мен тәртіп деңгейі төмен. Біз жолдағы құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті қатаңдатып келеміз, — деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.

Үкімет басшысының айтуынша, полицейлер мас жүргізушілермен күресіп, мыңдаған адам көлік жүргізу құқығынан айрылады.

Әрине, мұндай заң бұзушыларға барынша қатаң шара қолдану керек. Жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін бақылау жүйесіндегі жағдай да мәз емес. Бейнекамералар мен басқа да техникалық құралдарды толық пайдалану мүмкін болмай отыр. Кей жерлерде олар жетіспей жатса, кей жерде мүлдем жұмыс істемейді. Елдімекендердегі камералар санын көбейткен жөн, ал республикалық маңызы бар автожолдарда аппараттық-бағдарламалық кешендерді белсенді пайдалану керек, — дейді ол.