Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Дональд Трамптың қызы Иванка АҚШ президентінің кеңесшісі атанды

©vokrug.tv

Иванка Трамптың да президент әкімшілігіне жұмысқа тұратыны белгілі болғанда, америкалық басылымдарда біраз резонанс туындаған еді. Олардың жазуынша, енді Иванка да мемлекеттік құпия құжаттарды көре алады. Себебі, оның кеңсесі Ақ үйдің батыс қанатында орналасқан.

Алайда, президенттің қызы бұл қызметі үшін ешқандай еңбекақы алмайды, яғни тегін жұмыс істейді.

Айта кетейік, осыған дейін Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер де Ақ үйге қызметке тұрған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *