АҚШ президентінің күйеу баласы Джаред Кушнер Ақ үйдегі жаңа қызметке тағайындалады

Кушнердің бақылауындағы топқа билікке қатысты бірқатар өкілеттілік беріледі. Бұл Трамп күйеу баласының админстрация жұмысына әсер ете алатындығының тағы бір көрнісі болмақ. The Washington Post газетінің жазуынша, Кушнер ішкі және сыртқы саяси шешімдер мен президент персоналдарын таңдауға қатысады. Сондай-ақ, батыс басылымдары оның Тармпқа Қытай, Мексика, Канада мен Таяу Шығыс елдерімен байланыс мәселесінде кеңес беретін «көлеңкелі дипломант» екенін де жазады.

Айта кетейік, аталған қызметте істейтіндер Ақ үйдің Батыс қанатында орналасады және тікелей Дональд Трампқа бағынады. Америкалық басылымдардың жазуынша, бұл бұрынғы коммерциялық ұйымдардың басшылары Вашингтонға «жаңаша ойлау жүйесін» әкелетін белсенді топ болады.

ДереккөзTass.ru