Қазақстан спортшылары Азия ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.
Байдарка мен каноэде ескек есуден ерлер арасындағы жұптық жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров 500 метр қашықта алдына жан салмай, Азия ойындарының чемпионы атанды. Осылайша, Қазақстан қоржынына төртінші алтын түсті.
Қазақстан құрамасы командалық есепте екі сатыға көтеріліп, үздік ондықты түйіндеп отыр. Спортшыларымыз осы уақытқа дейін 36 медаль (төрт алтын, жеті күміс пен 25 қоланы) жеңіп алды.