Үлкен Алматы көліне баратын жол жабылды

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Үлкен Алматы көліне автокөлікпен көтерілуге тыйым салынғанын хабарлады.

Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіп пен тазалықты сақтау үшін Р-22 «Алматы-Космостанция» күре жолында (15-34 шақырымдары аралығы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді, — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

Баспасөз қызметі Үлкен Алматы көліне кімдердің көлікпен кіретінін айтып өтті.

Бекітілген тізімге сәйкес, қызметтік міндеттемелерді орындау үшін жүріп өтуге рұқсат етілетін қызметтік автокөліктер бар. Олар Ұлттық саябақ қызметі, шекара заставасы, «Космостанция» ғылыми базасы, метеорологиялық және гидрологиялық қызметтер, Алматы қаласының туризм басқармасының қызметкерелері кіре алады, – дейді «Қазавтожол» баспасөз қызметі.