Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алдағы үш тәулікте ауа райы қандай болады?

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Синоптиктер Қазақстанда 26-28 қыркүйек аралығына ауа райы болжамын ұсынды.

Таяу күндері республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклон ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, онда найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Елдің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Температураның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді, — делінген хабарламада.