«Қазгидромет» РМК 23-25 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын айтты.
Еліміздің батысында, оңтүстікте, Ақтөбе облысында және Ұлытау облысында жауын-шашын болмауы мүмкін. Ал Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облысында жаңбыр жауып, кейін жауын-шашын тоқтатылады,- делінген хабарламада.
Республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, кей уақыттарда қатты жауын болады. Түнде таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.
Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында таңертен, түнде 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз батыста 25-30 градусқа дейін, солтүстік, оңтүстік өңірлерде және еліміздің орталығында 18-23 градусқа дейін жылы болуы мүмкін. Республиканың шығысында 7-13 градусқа дейін төмендейді,- делінген ведомствода.
