СҚО-да салынбаған су құбырына 87 миллион теңге жұмсаған

Солтүстік Қазақстан облысында прокурорлар салынбаған су құбырына жұмсалған қаражат мемлекетке толығымен қайтарылды. Бұл туралы облыстық прокуратутасы хабарлады.

Мамлют ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық  бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның талаптарына қарамастан, Покровка ауылында сумен қамту объектісінің құрылысы үшін шарт бойынша көлемі 87 миллион теңге, шын мәнінде орындалмаған жұмыс үшін  төлем жасаған, — делінген хабарламада.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Объекті құрылысы бақылауға алынды.