Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474–479 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 474-478 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 475,5-479 теңге аралығында құбылып тұр.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81-5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,85-5 теңгеден сатылып жатыр.