Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, алдағы тәуліктерде республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады — найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жауады, кей жерлерде жауын-шашын болады. Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр және ылғалды қар күтіледі

«21 қыркүйекте оңтүстікте, 21 және 23 қыркүйекте шығыста, 21-22 қыркүйекте республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Тек батыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыста, солтүстікте, республика орталығында түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында топырақ бетінде үсік жүреді. Түнде -1°C дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялаған.