Қостанай облысының шекарасындағы қақтығыс туралы жалған бейнені таратқан адам ұсталды

Қостанай облысының шекарасындағы қақтығыс туралы жалған бейненің авторы кім екені анықталды. Бұл туралы Қостанай облыстық полиция департаменті хабарлады.

Әлеуметтік желіде Қостанай облысының шекарасындағы әскери қызметшілердің қақтығысы туралы түсіндірмесі бар әскери көлік колоннасының видеосы тарады. Бейне «жалған» болып шықты.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қасақана әрекет жасағанын айтып, кінәсін мойындады.

Ер адам Қостанайда өтіп бара жатқан әскери техника колоннасын көріп, видеоға түсіргенін және болып жатқан оқиғалар туралы ақпаратсыз түсініктеме бергенін айтты. Ол бұл бейнені WhatsApp мессенджеріндегі туыстарының чатына жіберген, — делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша «бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бар екенін және азаматтарды мәліметтерді таратпас бұрын олардың дұрыстығын тексеруге шақырды.