Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматылықтарға тауға барудан бас тарту ұсынылды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады.

Бүгін, 20 қыркүйекте Алматының тауларында кей жерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 17-22 м/с жетуі мүмкін. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК-ның дауылды ескертуіне сілтеме жасап хабарлады.

Қала қонақтары мен тұрғындарына жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға және таулы жерлерде серуендеуден бас тартуға қатаң кеңес беріледі.

Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз! Нөсер жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты желден хабар болған жағдайда, дауыл тұрғанда ауа райы қолайлы болғанша таулы аймаққа сапарды кейінге қалдырған дұрыс, — делінген хабарламада.

Мақалаға реакция