Жылжымайтын мүлік салығын төлеу мерзімі биыл 2 қазанда аяқталады

Мүлік салығын төлейтін уақыт 2 қазанда аяқталады. Бұл туралы Krisha.kz жазды.

Қазақстан аумағында пәтер, үй, ғимарат, көлік қоятын орын, жер телімі және тағы басқа жылжымайтын мүлкі бар кез келген азамат ел қазынасына ақша құюы керек. Заң бойынша төлем жасау мерзімі 1 қазан күні аяқталады. Бірақ биыл ол демалыс күнге келетіндіктен, 2 қазанда есеп айырысуға болады.

Мүлік салығы туралы ақпаратты мына жерден алуға болады:

коммуналды қызмет түбіртегі;
eGov.kz порталындағы жеке кабинет;
e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы.

Сонымен қатар Kaspi Bank пен Халық банк қосымшасын орнатқандарға төлем туралы хабарлама жолданды. Салық сомасын мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы «Алдағы төлемдер» сервисінің көмегімен де білуге болады.
Бұл салық түрі жылына бір рет сұралады. Уақытылы төлемеген жағдайда, қарыз үстіне өсімпұл қосылады.