Ұлттық банк доллар мен рубльдің 13 қыркүйекке арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 460,50 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,87 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462,5–466,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 461,5–465 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,79–5,01 аралығында саудаланып жатыр.
